Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елден қашып кеткен Күдебаевтың ісіне қатысты жаңа мәлімет шықты

Жарияланған күні:

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев Қырғызстан шекарасын кесіп өтіп, Түркияға ұшып кеткен. Бұл туралы брифингте Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифингте Жандос Өмірәлиев Қазақстан Қырғызстанға тиісті сауал жолдағанын айтты.

"Бізде Қырғызстанмен екіжақты келісім бар. Оның аясында біз тиісті сауалдар жолдадық. Яғни өзара іс-қимыл туралы жауаптар алдық.

Осылайша, біздің құқық қорғау органдары, тергеушілер Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бойынша қазір тығыз байланыстамыз. Негізінде біз үшін қазір көп нәрсе белгілі", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Оның сөзінше, Қырғызстанда Күдебаевтың шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Сонымен қатар Қырғыз Республикасы тарапы бірлескен жұмыс аясында шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Біз шекараны заңсыз кесіп өтуді кім ұйымдастырғанын анықтауды мақсат етіп отырмыз. Сондықтан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту арнасын құруға кім көмектескенін табу үшін Қырғызстан тарапы біз үшін өте маңызды.

Сондай-ақ Түркия тарапымен де қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы екіжақты келісіміміз бар. Осы келісім аясында біз Түркия тарапымен жұмысты бастадық", - деді Өміралиев.

Бас прокурордың орынбасары Күдебаевтың Ыстамбұлға Бішкектің "Манас" әуежайынан ұшқаны туралы ақпарат бар екенін атап өтті.

"Бішкек қаласындағы Қырғызстан Республикасынан келген әріптестеріміздің айтуынша, оның (Күдебаев – ред.) "Манас" әуежайынан Ыстамбұлға ұшқаны туралы ақпарат бар", - деді Өміралиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016443-kudebaevtyn-qasuy-qazaqstan-men-qyrgyzstanda-qylmystyq-is-qozgaldy/