Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура: СҚО-да сепаратизмді насихаттау ісі бойынша 18 адамнан жауап алынуда

Опубликовано:

Ұялы телефон
Ұялы телефон. Көрнекі фото: Рexels.com

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында Солтүстік Қазақстан облысындағы сепаратизмді насихаттау ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өмірәлиев ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұлттық қауіпсіздік органдарына ақпарат келіп түскеннен кейін бірден қылмыстық іс қозғағанын айтты.

"Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігі "Сепаратистік әрекет" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу іс-шаралары жүргізілді, оның ішінде осы топтың барлық қатысушысының тұрғылықты жері бойынша да, жұмыс орны бойынша да тінту жүргізілді. Алынған бейнетаспалар бойынша, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған бейнесюжет бойынша бірден тиісті сараптама тағайындалды", – деп қосты ол.

Оның айтуынша, сараптама осы топтағы қатысушылардың әрбірінің әрекетіне нақты әрі түпкілікті баға береді.

"Осы сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін мен бұл туралы нақты айта аламын, осы қатысушылардың әрқайсының іс-әрекеті туралы дереу шешім қабылданады. Бұл бұлтартпау шарасын таңдауға мүмкіндік береді. 18 адамнан жауап алынуда", – деп түйіндеді спикер.

Еске салайық, Бас прокуратураның мәліметі бойынша, 2023 жылғы 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚКД әлеуметтік желілерде "Петропавл қаласы Еңбекшілер халық кеңесін" құру туралы бейнежазбаның жариялануы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Іс "Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, бір топ адамдардың сепаратизмді насихаттауы" бабы бойынша тергелуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016465-bas-prokuratura-sqo-da-separatizmdi-nasixattau-isi-boiynsa-18-adamnan-zauap-alynuda/

pixel