Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамауға алынды

Опубликовано:

Мұхтар Тайжан
Мұхтар Тайжан. Фото: facebook.com/mukhtar.taizhan

Алматыда сот қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанды 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл туралы Алматы қалалық соты Facebook парақшасында хабарлады.

"Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат Мұхтар Тайжан ӘҚБтК-нің 488-бабы 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Айта кетейік, Мұхтар Тайжан 1973 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

Әр жылдары Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан президенті әкімшілігінде, "Қазақстан темір жолы" АҚ және "Ордабасы" корпорациясы" АҚ-та қызмет атқарған.

Болатхан Тайжан қорының және жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі болып табылады.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016526-almatyda-qogam-belsendisi-muxtar-taizan-ustaldy/

pixel