jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ауруханада балағат сөз айтқан ШҚО тұрғыны қамауға алынды

Эмоцияға берілу
Эмоцияға берілу. Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО-да аурухана ішінде балағат сөз айтқан әйел Шемонаиха аудандық сотының шешімімен 3 күнге әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, Шемонаиха аудандық ауруханасына ауыл тұрғыны аяғындағы жарақаты бойынша жүгінген. Әйел қабылдау бөлмесіне жеткізіліп, ол басқа науқастармен бірге дәрігердің тексеруін күткен.

Сол уақыт аралығында пациент өзінің наразылығын қоғамдық орындарда айтуға болмайтын балағат сөздермен білдірген. Аурухана қызметкерлері науқасты тәртіпке шақыру үшін полицияға шақыруға мәжбүр болған.

Басылымның мәліметінше, оқиға өткеннен кейін екі аптадан соң әйелге қатысты сот отырысы өткен. Сотта заң бұзушының қоғамдық жерде балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылуы жыл басынан бері бірінші рет емес екені анықталған.

Сот отырысының нәтижесінде судья тұрғынды үш тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

Ауруханада балағат сөз айтқан ШҚО тұрғыны қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.