"Сәресін ұзағырақ ішкен дұрыс": ауызашар кезінде көпшілік жасайтын қателік қандай (видео)
Жарияланған күні:
Белгілі имам, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы өзінің желідегі парақшасында ауызашар кезінде көпшілік жиі жіберетін қателік туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ауызашарда көптің жасайтын қателігінің бірі - ауызашар әдебі. Ауызашар уақыты болды екен деп қомағайлықпен тамаққа бас салмай, асқазаныңызға ауырлық етпейтіндей орнымен, ретімен тамақтанған абзал", - деп жазды Нұрлан имам Instagram парақшасында.
Дінтанушының айтуынша, сәресіне қарағанда ауызашарда жеңілірек тамақтанған абзал.
"Адамдар ауызашарда тамақты көп жейді. Біздің елдегі қателіктің басы осында. Кешке ауызашарда тамақты аз жеу керек. Ал сәресінде көп жеу керек. Біз теріс жасаймыз, сәресіне тұрмаймыз. Өйткені түндегі тамақ әлі қорытылмаған. Қорытылмағасын тоқ сияқты болып, тамақ ішпей, су іше салып, денсаулығын құртып алған біраз адамдарды білеміз. Сондықтан ауызашар уақытында шақтап, бөліп-бөліп ішіп, сәресін ұзағырақ отырып ішкеніңіз жақсырақ болады", - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін оразада сәресіге тұрып, ауыз бекітудің пайдасы туралы жазған едік. Сондай-ақ Рамазан айында сәресіне ұйықтап қалған жағдайда не істеу керектігі туралы жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016583-saresin-uzagyraq-isken-durys-auyzasar-kezinde-kopsilik-zasaityn-qatelik-qandai-video/