jitsu gif branding logo appbranding logo app
Эзотерика

    "Бұлт та, жаңбыр да, жел де болмайды": Қадір түнінің белгілері қандай

    түн
    Түн. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жылына бір рет Рамазан айының соңғы онкүндігінің бірінде келетін Қадір түнінің белгілері қандай? Бұл туралы ҚМДБ-ның ресми сайты muftyat.kz-те жарияланды.

    Басылымның мәліметінше, Қадір түнінің белгілері жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Қадір түнінде аспан ашық болады. Ыстық та, суық та болмайды. Күн қызыл болып шығады", - деген.

    Сонымен қатар басылым "Рамазан оразасына қатысты пәтуалар" кітабынан Қадір түнінің белгілері туралы хадистерді де келтірген.

    "Тағы бір риуаятта: "Қадір түні тұнық әрі жарық болып, айдың өзі бейне бір нұрға толы болады. Ол түн, суық та ыстық та емес, тыныш та жайлы болып, таң атқанша жұлдыздардың ағып түсуіне тыйым салынады. Бұл түннің тағы бір белгісі, таңертең күн сәулесі, толған ай секілді түзу болып шығады әрі шайтандарға күнмен бірге жарыса шығуларына рұқсат етілмейді" , – деп сипатталған.

    Свежая публикация по теме:
    Рамазан айында қандай дұғалар оқу керек

    Қадір түнінің сипаты туралы келесі бір хадисте: "Бұлт та, жаңбыр да, жел де болмайды..." делінген", - деп жазады басылым.

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен күнтізбеге сәйкес, биыл Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түн деп белгіленген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.