Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі марқұм жары туралы бұрын-соңды айтылмаған деректерді бөлісті

Опубликовано:

Қоғам қайраткері
Заманбек Нұрқаділов. Фото: Арманжан Байтасовтың Youtube арнасы

Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат беріп, марқұм жолдасы жайлы ерекше деректерді бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір көкелерге "Қателік жасадым, бекер кеттім" деп айтыпты. Ол кісі де профессор көке еді, марқұм боп кетті. Сол кісі "үйден кеткеніне өкінеді екен" деп айтқан. Тағы бір видеода жылағаны болыпты. Бұл кісінің қалай атылғаны, кім кіргені жайлы видео жоқ қой. Тағы бір видеосында марқұм менің атымды айтып, жылайды екен. Марқұм бір видеосында "Қайыркен, Қайыркен, кешір мені. Қайтатын жолым жоқ" деп жылайды екен. Сол видеоны біреу көріпті.

Сонда маған "Нұрбике, сен өзіңді кінәлама. Сенде кінә жоқ" деп айтты. Біреулер "Қайыркен, Қайыркен деп жылапты. Қайрат демейді. Құралай демейді. Қайыркен деген кім?" деп сұрапты. Бізбен шай ішкен адам: "Ол бірінші әйелін Қайыркен деп айтатын. Ол кісінің Қайыркен деген аты бар. Құжат бойынша - Нұрбике деген аты бар. Жолдасын айтып отыр", - деп айтыпты. Ол кісі (Заманбек Нұрқаділов - ред.) мені Нұрбике демейтін. Қайыркен деп атайтын. "Кешір мені, Қайыркен, кешір. Қайтадан қайтатын жолым жоқ", - деген сөз айтыпты", - деп еске алды Нұрбике Нұрқаділова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016611-atymdy-aityp-zylaidy-eken-zamanbek-nurqadilovtin-birinsi-aieli-kuieuinin-uiden-ketkenine-okingenin-aitty-video/

pixel