Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадан ұшып кеткен ұшақ бір сағаттан кейін әуежайға қайта оралды

Опубликовано:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: Рiqsels.com

Бүгін күндіз SCAT компаниясының ұшағы Астанадан Алматыға ұшып кеткен болатын, бірақ бір сағаттан кейін әуе кемесі ұшу айлағына қайта қонды. Оның себебін компания өкілдері түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Астана-Алматы" рейсін орындау кезінде кондиционерлеу жүйесінің индикациясы іске қосылды. Экипаж ұшу портына оралу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта жолаушылар әуежайда. Олар қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілген.

Резервтік әуе кемесі келеді деп күтілуде. Жолаушылар қауіпсіздігі – әуе компаниясының басты міндеті", – деп хабарлады SCAT өкілдері.

Компанияның мәліметінше, ұшақтың аталған рейс бойынша ұшуы сағат 20:30-ға жоспарланған.

Айта кетейік, бұл - DV 714 рейсі. Flightradar24.com сайтының ақпаратынша, ұшақ Астана әуежайынан сағат 14:45-те ұшып кеткен, бірақ сағат 15:40-та шеңбер жасап, кері оралған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016690-astanadan-usyp-ketken-usaq-bir-sagattan-keiin-auezaiga-qaita-oraldy/

pixel