Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы мектептердің бірінде оқушылар аттестатсыз қалуы мүмкін

Опубликовано:

Мектеп бітіру аттестаты
Мектеп бітіру аттестаты. Көрнекі сурет: tolqyn.kz

Абай облысы Ақсуат ауданындағы оқушылар өздері оқыған мектептен бітірді деген аттестат ала алмауы мүмкін. Себебі Тоғас батыр мектебі екі мәрте аттестациядан өте алмаған. Бұдан хабарсыз болған ата-аналар ұл-қыздарына аттестатты басқа мектептің беруіне наразы, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, биыл Тоғас батыр атындағы мектептің тоғызыншы және 11-сыныбын отыз үш бала бітіреді. Бірақ бұл білім ордасында түлектер үшін соңғы қоңырау соғылмауы мүмкін. Өйткені мектеп екі мәрте аттестациядан өте алмаған. Соның салдарынан білім ошағы түлектерге құжат беру құқығынан қағылып отыр. Сондықтан оқушылар көрші ауылдағы Сасан Би орта мектебінің аттестатын алуға мәжбүр. Ал ата-аналар облыстың білім басшыларынан балаларына өздері оқыған мектептен құжат беруін талап етуде.

"Қалайша біздің балаларымыз Тоғас батыр мектебін бітіріп отырып, 9-11 сынып оқушылары Сасан би мектебінің аттестатын алады? Осы жағдай бізді қатты алаңдатып отыр... Сонда үш жыл жұмыстың қайда кеткені? Ойшілік ауылындағы Тоғас батыр орта мектебінде 310 оқушы бар", - дейді Ойшілік ауылының тұрғыны Әсем Рахметова.

Телеарна ақпаратынша, бұл ауыл бұрын Шығыс Қазақстан облысына қарағандықтан, қандай қателіктердің орын алғанын тексеруге комиссия жібере алмай отырмыз дейді шенеуніктер. Қазір Тоғас батыр мектебіне үшінші мәрте аттестациядан өтуге мүмкіндік берілген. Сондай-ақ облыс бойынша биыл алты білім ошағы жабылуы мүмкін дейді білімге жауапты мамандар.

"Мысалы, кәсібилігін бақылаудан үшінші рет өтпесе, біз мектептің жабылуын немесе қайта жаңадан құрылуын жергілікті білім бөлімімен бірге қарастыруды бастаймыз. Әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Қазір мораторий бітуін күтіп алып, ары қарай көреміз", - дейді Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қасымбек Ақжалов.

Дереккөз: КТК арнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016707-abai-oblysyndagy-mektepterdin-birinde-oqusylar-attestatsyz-qaluy-mumkin/

pixel