Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілінен сынақ тапсыру міндетті болуы мүмкін

Опубликовано:

Қазақ әдеби тілінің сөздігі
Сөздік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда мемлекеттік қызметке жұмысқа тұру үшін кандидатқа қазақ тілінен сынақ тапсыру талабы қойылуы мүмкін. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті порталда "Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Тұжырымдама жобасын қоғамдық талқылау 25 сәуірге дейін жалғаспақ.

Құжат бойынша, қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілер қызметке орналасар кезде мемлекеттік тілді білді меңгеруін тексеруге арналған ​​арналған тестілеуден өтпейді.

"Мемлекеттік қызметшілер, қызмет көрсету органдары және т.б. қызметке кірген кезде "Қазтест" жүйесі арқылы заңды түрде тестілеуден өту міндетіне кірмейді. Бұл мәселе қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу арқылы шешілуі тиіс", – делінген құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016767-qazaqstanda-memlekettik-qyzmetsiler-usin-qazaq-tilin-bilu-synagy-mindetti-boluy-mumkin/

pixel