jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда жылудың қашан өшірілетіні белгілі болды

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда 20 сәуірден бастап жылу беру кезең-кезеңімен өшіріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласында гидрометеорологиялық қызметі қалалық әкімдікпен бірге 2023 жылғы 20 сәуірден бастап 2022-2023 жылдарға арналған жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданған.

Бұған Алматыда күнтізбелік 5 күн ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 градустан және одан жоғары болуы себеп болып отыр.

Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудан ажырату мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:

1) әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар, өзге де ғимараттар;

2) тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар, жатақханалар, қонақ үйлер);

3) әлеуметтік нысандарр (балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

Алматыда жылудың қашан өшірілетіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.