Түркістан облысында денесі суару каналынан табылған қыздың өліміне күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі жаңалықтары Telegram арнасында.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті - мектеп оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынған.
Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 99-бабының екінші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Министрліктің мәліметінше, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Сонымен қатар министрлік тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін мәлім етті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016864-turkistan-oblysynda-denesi-sudan-tabylgan-qyzdyn-olimine-kudikti-ustaldy/