Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау қаласында жас жігіт із-түссіз жоғалып кетті (фото)

Жарияланған күні:

жоғалып кетті
Фото: Lider.kz еріктілері

Ақтау қаласында он күн бұрын жоғалып кеткен жас жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарайды lada.kz.

Басылым мәліметінше, Кәрім Свамбаев 6 сәуір күні "Приморский" шағын ауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазіргі уақытта оны еріктілер мен тәртіп сақшылары іздеп жатыр.

"Бағдарлау қағазы ілініп жатыр. Тұрақты шаралар өткізілуде", - деді Lider.kz еріктілері.

Ер адам жоғалған күні қара капюшоны бар кофта, джинсы шалбар және қоңыр түсті аяқ киім киген.

Ерекше белгілері: орта денелі, қоңыр көзді, қара шашты және бойының ұзындығы 175-180 см.

жоғалып кетті
Фото: Lider.kz еріктілері

Кәрім Свамбаевты көрген немесе қайда екенін білетіндер болса, 8 (700) 499-72-92; 8 (700) 911-72-92 немесе 102 нөміріне хабарласу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016923-aqtau-qalasynda-zas-zigit-is-tussiz-zogalyp-ketti-foto/