Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қажылыққа ниеттенген жүздеген адамды әлекке түсірген шымкенттік қамауға алынды

Опубликовано:

Қағба
Қажылық. Көрнекі фото: pexels.com

Қажылыққа ниеттенген ел тұрғындарын әлекке түсірген кәсіпкер қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Шымкент қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент қаласы Еңбекші ауданының полиция басқармасына туристік агенттіктің директорына қатысты алаяқтық фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғындары ұжымдық өтінішпен жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша кәсіпкер Шымкент қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қала прокуратурасы қылмыстық істің материалдарын және ұстаудың негізділігін зерделеп, тергеу органының сот алдында қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қолдады.

Сот қарауының қорытындысы бойынша күдіктіге қатысты таңдалған бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016929-qazylyqqa-niettengen-zuzdegen-adamdy-alekke-tusirgen-symkenttik-qamauga-alyndy/