Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда бес қабатты тұрғын үй өртеніп, 100 адам эвакуацияланды

Жарияланған күні:

өрт
Оқиға орнынан фото: Instagram.com/taraz.akimdigi

Таразда бес қабатты тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 100 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі kris.p.taraz тобында жарияланды. Тілсіз жау 16 сәуірге қараған түні болған.

Бұған қатысты Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті пікір білдіріп, Тараз қаласы Төле би көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртке оранғанын жеткізді. Қызыл жалынның аумағы 800 шаршы метрді құраған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы саты арқылы 100 адамды, оның ішінде 60 баланы эвакуациялады.

Белгілі болғандай, оқиға орнында ведомствоның 54 қызметкері мен 13 техникасы жұмыс істеген.

Тараз қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады.

"Қала әкімі өрттен зардап шеккен үйдің тұрғындарын №10 мектепке уақытша орналастыру туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016932-tarazda-bes-qabatty-turgyn-ui-ortenip-100-adam-evakuaciyalandy/