Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда жолаушылар автобусы 16 жастағы қызды қағып кетті

Опубликовано:

Жаяу жүргіншілер жолағы
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Петропавл қаласында жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз ауруханаға түсті, деп хабарлайды Police Telegram арнасы.

Жол апаты 15 сәуір күні Петропавл қаласындағы Қизатов көшесінде болған.

Полиция мәліметінше, 35 жастағы Yutong маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтіп бара жатқан 16 жасар қыз баланы қағып кеткен.

"Медициналық көмек көрсету үшін жол-көлік оқиғасы орнына жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Зардап шеккен қыз бала түрлі жарақаттарымен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Yutong маркалы қоғамдық көлігі арнайы айып тұрағына қойылған.

Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша маршруттық автобустың жүргізушісінің мас болмағаны анықталған.

Қазіргі уақытта тергеу тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016935-petropavlda-zolausylar-avtobusy-16-zastagy-qyzdy-qagyp-ketti/