jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"44,5 мың жұп ажырасқан": тиісті мекеме өткен жылдың статистикасын жариялады

Үйлену той1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Телеграм арнасында еліміздегі некеге тұру мен ажырасу бойынша соңғы деректі ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке қиылған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,5%-ға аз.

"Өзге ұлт өкілімен тіркелген некелердің үлесі 34,8% құраған. Алғаш некеге тұрған ерлер үлесі 79,1%, әйелдер арасында – 81%. Некені алғаш құрғандардың орташа жасы: ерлерде – 28 жас, әйелдерде – 25,2 жас. 2022 жылы некелердің ең көбі тамыз айында тіркелген – 15 267", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар былтыр елімізде 44,5 мың ажырасу дерегі тіркелген.

Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,7%-ға аз.

"2022 жылы ажырасулардың ең көп үлесі некеде 1-4 жыл тұрғандар арасында болған, ажырасулардың жалпы санының 34,6%, 5-9 жыл некеде тұрғандардың ажырасу үлесі – 30%", - делінген хабарламада.

"44,5 мың жұп ажырасқан": тиісті мекеме өткен жылдың статистикасын жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.