Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаулық әйел полиция қызметкеріне балағат сөздер айтқаны үшін жазаға тартылды

Опубликовано:

тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғынына қатысты іс сотта қаралды. Әйел ішкі істер саласының қызметкеріне балағат сөздер айтқан, деп хабарлайды Лада.

Істі қарау кезінде әйелдің өз үйінің ауласында масаң күйде болып, ақылға қонымсыз әрекет жасағаны анықталды.

Сондықтан көршілер полиция шақырған.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары келген уақытта маңғыстаулық азаматша олардың талабын елемеген.

Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері тәртіп бұзған әйелдің үстінен хаттама толтырған.

Іс сотта қаралып, нәтижесінде әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен (Билік өкілін қызметтік міндеттерін орындау кезінде қорлау) кінәлі деп танылды. Сот оны 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016951-mangystaulyq-aiel-policiya-qyzmetkerine-balagat-sozder-aitqany-usin-zazaga-tartyldy/