Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзендегі жарылыс: ТЖМ төтенше жағдайға қатысты жаңа мәлімет жариялады

Жарияланған күні:

Жаңаөзендегі газ жарылысынан кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары
Жаңаөзендегі газ жарылысынан кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары. Фото: t.me/mangystau_press

Төтенше жағдайлар министрлігі Өрт сөндіру қызметі комитетінің басшысы Нұрболат Дербісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жаңаөзендегі жарылысқа қатысты жаңа мәліметтер айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Дербісов облыс әкімі мен жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қазір жарылыс орнында екенін айтты.

"Себептері анықталып жатыр. Бастапқыда олар газ баллоны деп ойлаған, бірақ үйге орталықтандырылған газ тартылған. Қазір тексерулер жүргізіліп жатыр. Қазір біз себебін тікелей атай алмаймыз, олар тексерген соң хабарлаймыз. Осы подъезде 4 пәтер қирады. Екінші подъезде ештеңе жоқ. Бірақ комиссия жұмыс істеп жатыр. Олардың қорытындысын күту керек", – деп қосты ол.

Спикердің айтуынша, жарылыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 13 адам жараланған.

Сонымен қатар ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы бақылау департаментінің басшысы Ерлан Төрегелдиев бұған алдын ала газ-ауа қоспасының жарылуы себеп болуы мүмкін екенін айтты.

"Газ баллонының жарылуы туралы сөз жоқ. Оның жойқын күшіне келетін болсақ, иә, шынымен де, жарылыс болған кезде, газ-ауа қоспасының күрт шашырауы, әсіресе пәтер сияқты жабық кеңістікте, қабырғалары бос, темірбетонды жабыны болса, жарылыстың барлық энергиясы сыртқа шыға алмағанда ол жойқын күшке ие болады", – дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017103-zanaozendegi-zarylys-tzm-totense-zagdaiga-qatysty-zana-malimet-zariyalady/