Қостанай облысының полицейлері 15 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр
Жарияланған күні:
Қостанай облысының полицейлері мектеп-интернаттан шығып кеткен 15 жасар жасөспірімді іздеуде, деп хабарлайды ІІМ жаңалықтарының Telegram-арнасы.
Қостанай облысының Полиция департаменті облыста жексенбі, 16 сәуір күні Боровской мектеп-интернатынан шығып кеткен 15 жастағы жасөспірім Рустам Ташмағамбетовты іздестіру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Кәмелетке толмаған бала Әулиекөл ауданының тумасы.
"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері облыс орталығында және аудандарда іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Полицияның барлық құрамы жұмылдырылған, іздеуге еріктілер қосылған.
Жасөспірімнің орналасқан жері туралы ақпараты бар кез келген адамға 102 телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017140-qostanai-oblysynyn-policeileri-15-zastagy-zasospirimdi-izdestirip-zatyr/