Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға қомақты жәрдемақы төленеді деген YouTube желісіндегі ақпарат жалған болып шықты

Опубликовано:

Тиындар және ақша
Тиындар және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Youtube желісінде осы дүйсенбіден бастап еліміздегі зейнеткерлер, аз қамтылғандар мен басқа да санаттағы азаматтарға 300 мың теңге мөлшерінде арнайы жәрдемақы, ал кейбір азаматтарға 200 мыңнан үстемеақы берілетіні туралы жарнамалық бейнеролик тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Сайттың мәліметінше, таралған видеода Atameken Business телеарнасының жаңалықтар шығарылымынан үзінді алынған. Алайда оның дыбысталуы өзгертілген. Жүргізушінің дауысы басқа дауыспен алмастырылып, ол мәтінде қомақты жәрдемақылар туралы айтылады.

"Телеарнаның сайтында зейнеткерлер мен аз қамтылғандарға төленетін 300 мың теңге мөлшеріндегі төлемдер туралы жаңалықтар жоқ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында да осындай тақырыптағы жаңалықтар болмаған", - деп жазады басылым.

Порталдың жазуынша, бұл жарнамалық видеоның мақсаты - көрерменді мазмұны қандай да бір төлемдерге қатысы жоқ үшінші тараптың сайтына өткізу.

"Жоғарыда айтылғандардың негізінде 300 мың теңгелік жәрдемақы төленетіні туралы жарнама өтірік деп қорытынды жасауға болады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017232-youtube-zelisindegi-qazaqstandyqtarga-qomaqty-zardemaqy-tolenedi-degen-aqparat-zalgan-bolyp-syqty/

pixel