Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сонда ғана тәртіп орнайды": депутат сарбаз қаза болған жағдайда әскери бөлім басшыларын трибуналға дейін тартуды ұсынды

Опубликовано:

Оқу-жаттығудан өтіп жатқан сарбаз
Оқу-жаттығудан өтіп жатқан сарбаз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сенат депутаты Геннадий Шиповских елімізде бейбіт күнде әскерде қаза болып жатқан сарбаздардың өліміне алаңдаушылық білдіріп, өлім-жітімді азайтуға қандай шаралар көмектесуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ұсыныс айтқым келеді. Егер аймақта сарбаз қайтыс болған немесе мүгедек болып қалған жағдай орын алса, менің жеке пікірім, мұндай бөлімдердің бірінші басшылары жауапқа тартылуы керек, тіпті трибуналда жауапқа тартуға дейін. Сонда ғана бізде тәртіп орнайды", – дейді Геннадий Шиповских.

Алайда Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиевтың айтуынша, әскерде өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиі орын алады деген қоғамдық пікір ресми мәліметтерге сай келмейді.

"2020 жылдан бері 270 әскери қызметші қайтыс болды. Жиі кездесетін себептер: аурудан қайтыс болу – 36 пайыз, жол-көлік оқиғасы – 24 пайыз және суицид – 20 пайыз", – дейді ол.

Өз кезегінде Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов қауіпсіздік шараларын бұзудың 10 пайызы, ал жеке абайсыздықтың 13 пайызы өлімге әкелетінін атап өтті.

"Өкінішке қарай, ұрғаннан болатын өлім жағдайлары бар, ол 1 пайыз", – деп қосты ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017237-sonda-gana-tartip-ornaidy-deputat-eger-sarbaz-qaza-bolsa-askeri-bolim-bassylaryn-tribunalga-tartudy-usyndy/

pixel