Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өрімдей қыздар одан сорақысын жасап жатыр": Дана Нұржігіт жасөспірімдер арасындағы әлімжеттікті тоқтатуға шақырды

Опубликовано:

https://www.youtube.com/watch?v=R-CY_Z7hA4M
Дана Нұржігіт. Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт жасөспірімдер арасында белең алған әлімжеттік мәселесін көтерді. Ол Instagram парақшасында әлімжеттіктің салдарымен емес, себебімен күресуге шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мектеп жасындағы жасөспірімдер арасында бір-біріне қол көтеру, намысын жер қылу фактісі көбейді. Ұлдар бір-біріне әлімжеттік жасады деп жанұшырсақ, енді өрімдей қыздар одан сорақысын жасап жатыр. Жасөспірімдердің бірін-бірі ұрып, ар-ожданын таптап жатқанын видеоға түсіріп, бірден әлеуметтік желіге жүктеу және бопасалауы етек жайды.

Әлімжеттік әрекетке барған балалардың ата-анасын жазалап, бұл құбылысты тоқтата аламыз ба? Ертең есейгенде мұндай балалар қоғам үшін қауіпті болмайтынына кім кепіл? Желіде тарап кеткен жантүршігерлік видеоларды көрген есі дұрыс адам енжар қарап отыра алмайды.

Мұны тоқтату керек! Бұл жиіркенішті құбылыстың салдарын емес, түп себебін анықтап, тоқтату керек", - деп жазды Дана Нұржігіт.

Ал желі қолданушылары тележүргізушінің бұл жазбасына келісетінін айтып, пікір қалдырды.

"Дұрыс айтасыз", "Масқара жағдай", "Өте дұрыс", "Қатаң жаза қолдану керек", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017251-toqtatu-kerek-telezurgizusi-dana-nurzigit-oqusylar-arasyndagy-alimzettikke-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel