Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ауыр әйелін ұрған астаналық ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

Опубликовано:

Қолынан кісен салынған ер адам
Қолынан кісен салынған ер адам. Көрнекі фото: piqsels.com

Астаналық азамат аяғы ауыр әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, "102" арнасына елорданың 36 жастағы тұрғыны хабарласып, күйеуінің қол көтергенін айтқан.

Полиция қызметкерлері анықтағандай 42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оны ұрып-соққан.

Сондай-ақ оның әйеліне қол көтеруі бірінші рет емес екені белгілі болған.

Аталған дерек бойынша полицейлер құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.

Осы орайда, Астана қаласының полиция департаменті зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға "102" арнасына немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефоны 8-(7172)-71-60-63 арқылы хабарласу қажет екенін еске салды. Онда полиция қызметкерлері консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017282-ayagy-auyr-aielin-urgan-astanalyq-er-adam-10-taulikke-qamauga-alyndy/

pixel