Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Қолына кісен салынған күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысында кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полицияның хабарлауынша, 13 сәуірде Ұйғыр ауданының полициясына қызының зорланғаны жайында жергілікті тұрғын арызданған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша тіркелді.

Факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ ведомство істі дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдері жан-жақты, толық және объективті тексеріліп жатқанын атап өтті.

Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017300-almaty-oblysynda-kameletke-tolmagan-qyzdy-zorlady-degen-kudikti-ustaldy/

pixel