Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Серік Күдебаев елден тау арқылы қашып кеткен болуы мүмкін

Опубликовано:

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сенат кулуарында Шекара қызметінің басшысы Ерлан Алдажұманов Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал-майор Серік Күдебаевтың елден қашып кетуіне қатысты тағы бір нұсқаны айтты, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Алдажұмановтың сөзінше, Күдебаевтың елден қашып кетуі мүмкін деген болжам бар.

"Ол тау арқылы қашып кетті деген болжам бар. Оның туған жеріндегі елдімекен маңында тауда орналасқан шаруа қожалығы бар. Жол көрсететін жақсы серіктері болуы да мүмкін. Біз тау арқылы кетті деген нұсқаны қарастырып жатырмыз", - деді Ерлан Алдажұманов.

Спикер Бас прокуратураның қылмыстық іс қозғағанын еске салды. Ол тергеудің құпия болатынына сілтеме жасай отырып, басқа ақпаратты айтпады.

"Түсініңіз, бұл істі мүлдем таратпағаным дұрыс, себебі тергеу жүріп жатыр. Мен жаңа мәліметтерді білмеймін, таныс емеспін, өйткені алдын ала тергеуді Қазақстанның Бас прокуратурасы жүргізіп жатыр", - деді ҰҚК Шекара қызметінің басшысы.

Айта кетейік, генерал-майорға Қылмыстық кодекстің 362-бабы ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") және 146-бабы ("Азаптау") бойынша айып тағылған.

Сонымен қатар 3 сәуірде Талдықорғанда өтуге тиіс сот отырысына келмегендіктен, Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017532-uqk-serik-kudebaev-tau-arqyly-qasyp-ketken-boluy-mumkin/

pixel