Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда азаматтардың тууы мен өлімін мемлекеттік тіркеу қызметі ақылы болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Құжаттар
Туу туралы куәлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ел тұрғындарының тууынан бастап өліміне дейін тіркеу қызметін ақылы етуді ұсынады. Тиісті бұйрық жобасы 24 сәуірге дейін Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға қойылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елімізде баланың тууын мемлекеттік тіркеу, әке болуды (ана болуды) белгілеуге, баланы асырап алуға, атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ неке қиюды, өзара келісім бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу ақылы болуы мүмкін.

Қоғамдық талқыға шығарылған бұйрықтың қосымшасында Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағасы көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, баланың тууын мемлекеттік тіркеу - 8 433,89 теңге (ҚҚС-пен есептегенде), неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу - 9 667,42 теңге (ҚҚС-пен есептегенде), өзара келісім бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу - 9 775,39 теңге (ҚҚС-пен есептегенде), өлімді мемлекеттік тіркеу - 8 833,58 теңге (ҚҚС-пен есептегенде) көлемінде баж салығы төленеді.

Бұйрық жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда.

Бұйрық мәтіні
Бұйрық мәтінінің скриншоты: legalacts.egov.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017539-qazaqstanda-azamattardyn-tuuy-men-olimin-tirkeu-usin-baz-salygy-engizilui-mumkin/