Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ауызашарға құрма мен су таратқан жасөспірімді көлік қағып қайтыс болды

Опубликовано:

Жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлеуметтік желіде жол бойында ауызашарға құрма мен су таратқан жасөспірімді көлік қаққан сәттің видеосы тарады. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, бозбаланың ауруханада көз жұмғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиғаның видеосы Kris_p_almaty Telegram арнасы жариялады. Кадрдан жасөспірімнің жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткенін көруге болады.

Ал видеода жеткіншектің ауызашарға су мен құрма таратып жүргені айтылған.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 18 сәуірде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың қаза тапқанын хабарлады.

"Toyota Camry көлігін басқарған 1998 жылы туған жүргізуші Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, белгіленбеген жерде жолдың солтүстік бағыттағы бөлігін кесіп өткен 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан түрлі жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізіліп, кейін ол қайтыс болды", - деді полиция.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тиісті сараптамалар да тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017628-almatyda-auyzasarga-qurma-men-su-taratqan-zasospirimdi-kolik-qagyp-ketti/

pixel