jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматыда жартылай марафонға байланысты жолдар ішінара жабылады (фото)

жүгіріп бара жатқан спортшылар
Марафон. Көрнекі фото: sportpoint/Getty Images

Алматы қаласында 23 сәуір күні өтетін жартылай марафонға байланысты жолдар ішінара жабылады деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл бұл спорттық сайыс мегаполисте алтыншы рет өткелі отыр. Оған 7600-ден астам адам қатысады.

Осыған байланысты жүгіру кезінде көлік қозғалысы ішінара сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін шектеледі.

Көлік қозғалысын шектеу сағаты спортшылардың орташа жылдамдығын ескере отырып есептелген. Жүгіріп өткен сайын жолдар ашылып отырады.

Осы орайда әкімдік тұрғындарды қала ішіндегі бағытты алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді.

Жолдардың жабылу маршруты
Жолдардың жабылу маршруты. Инфографика: https://t.me/almaty_akimat

Алматыда жартылай марафонға байланысты жолдар ішінара жабылады (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.