Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК еліміздің оңтүстігінде теракт ұйымдастырмақ болған шетелдік азаматтың жолын кескен

Опубликовано:

ҰҚК қызметкерлері
ҰҚК қызметкерлері. Көрнекі фото: Facebook.com/knbgovkz

Биылғы жыл басынан бері ҰҚК-нің терроризмге қарсы бөлімшелері Қазақстанның оңтүстігінде қолдан жасалған жарылғыш құрылысын қолдану арқылы теракт ұйымдастырмақ болған шетелдік азаматтың жолын кескен. Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сонымен қатар Астанада радикалды діни ұяшық бейтараптандырылған. Оның 8 мүшесі террористік топты құру, терроризмді насихаттау және қаржыландыру, сонымен қатар өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Осыған ұқсас фактілер бойынша жалпы 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

"Аталған қауіптерге қарсы іс-қимылды жетілдіру аясында терроризмге қарсы орталықтың үйлестіруімен 188 оқу-жаттығулары өткізілді. Құзыретті мемлекеттік органдардың күш-құрылымдарының террористік қатерлерді уақтылы анықтау мен терроризм актілерінің жолын кесу бойынша іс-қимылдарын бірлестіру жұмысы пысықталды.

Жалған терроризмге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша шаралар күшейтілді", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017705-uqk-elimizdin-ontustiginde-terakt-uiymdastyrmaq-bolgan-seteldik-azamattyn-zolyn-kesken/

pixel