Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мыңнан астам ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан

Жарияланған күні:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы 10 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Мегаполистегі ғимараттардың сейсмикалық жағдайы туралы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сессия отырысында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин Алматыда жылына 300-ге жуық жерасты дүмпуі болатынын атап өтті.

"Жыл басынан бері 44 жер сілкінісі тіркелді. Оның үшеуі қала тұрғындарына сезілді. Мегаполисте 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан. Оның 754-і сейсмикалық төзімді, 362-сі сейсмикалық төзімді емес", - деді спикер.

Оның айтуынша, тектоникалық процестердің белсенділігі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділік нормаларына әсер етеді.

"Осыған байланысты 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимаратты, 1600-ден астам көпқабатты тұрғын үйді паспорттауға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр", - деді Асқар Әмрин Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VIII шақырылымының екінші сессиясында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017737-almatyda-1116-gimarat-tektonikalyq-zaryqta-ornalasqan/