Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар оқушыларға "жезөкшеге арналған кітапша" таратылғанына наразылық білдірді

Опубликовано:

Мектеп парталары
Мектеп парталары. Көрнекі сурет: Pexels.com

Әлеуметтік желіде Жетісу облысының Текелі қаласындағы мектептердің бірінде балаларға "жезөкшелерге арналған анықтама қағазы" таратылғаны туралы ақпарат пайда болды. Қала әкімдігі мен полиция қызметкерлері болған жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде Текелі қаласындағы мектептердің бірінде 7-10 сынып оқушыларына "жезөкшелерге арналған кітапшалар" таратылғаны туралы ақпарат жарияланды. Желі қолданушылары кітаптың мазмұнына наразы болса, ал оқушылардың ата-анасы мектептің үстінен шағым түсірген.

"Балалармен жыныстық тәрбие бойынша жұмыс жүргізіліпті, бірақ ата-аналарын тіпті ескертпеген. Оларға бәрінен бұрын нұсқаулықтағы "клиент" деген сөз ерсі көрінді. Бұл сөз нені білдіреді және балалар не үйренді сабақта?" – дейді жазба авторы.

"Клиент, жұмыс – бұл не өзі? Жезөкшелерге арналған анықтама ма?", "Бұл жезөкшелерге арналған кітапша ма? Клиент мүшеқаптан бас тартса дегенді қалай түсінуге болады?", – дейді пікір білдірушілер.

Текелі әкімдігі 17 сәуірден бастап қала мектептерінде кәмелетке толмаған оқушылардың арасындағы буллинг пен кибербуллингті алдын алу мақсатында тәрбие жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Аталған жайт сәуірдің 19-ы күні №5 пен №8 мектепте болған. Брошюралық материалдармен қалалық аурухананың психологы қамтамасыз еткен.

Пакетте ересектерге арналған брошюралар болғанына жауапты аурухана қызметкері екені анықталды. Осы фактіге байланысты қалалық білім бөлімімен бірге №8 мектептің қызметкерлерін және басшылығын жауапқа тарту жұмыстары жүргізілді.

Ал қалалық аурухана психологын жұмыстан босатумен қатар, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылады", – деп мәлімдеді министрлік.

Текелі қаласының полицейлері қала тұрғындарының шағымы есепке алынғанын айтты. Ақпарат ресми түрде тіркеліп, жан-жақты тексеру жұмыстары басталды.

"Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында сабақ өткізген мамандардың әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі", – деп толықтырды ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017742-qazaqstandyqtar-oqusylarga-zezoksege-arnalgan-kitapsa-taralganyna-narazylyq-bildirdi/

pixel