Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзенмұнайгаз" АҚ және "БерАли Мангистау Company" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде

Опубликовано:

қылмыстық іс
Қылмыстық іс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Өзенмұнайгаз" АҚ және "БерАли Мангистау Company" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті.

Департаменттің мәліметінше, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының "ҚазМұнайГаз" АҚ ("Өзенмұнайгаз") жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық және жымқыру фактілері бойынша көптеген өтінішінің негізінде Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті сотқа дейінгі бірнеше тергеу жүргізуде.

"Атап айтқанда, кәсіпорынның бухгалтерлік және өзге де ресми құжаттамасында бұрмаланған мәліметтерді көрсете отырып, жаңа сорғы-компрессорлық құбырларды жалған орнату арқылы ұрлау фактісі бойынша "Өзенмұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде.

Бұдан басқа, "Өзенмұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғалары мен "БерАли Мангистау Company" ЖШС басшылығына қатысты 2022 жылы мұнай өндіру ұңғымаларын жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ департаменттің дерегінше, "БерАли Мангистау Company" ЖШС басшысы өзінің жақын туыстарымен арнайы техниканы жалға алу туралы шарттар жасағаны анықталған.

"Іс жүзінде 248 млн теңге көлемінде алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып жымқырылған.

Аталған іс-қимылдармен"БерАли Мангистау Company" ЖШС басшылығы мемлекетке ғана емес, компания қызметкерлеріне де зиян келтіргенін атап өтеміз.

Қолма-қол ақша компанияны дамытуға, жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға, соның ішінде жалақыны көтеруге бағытталуына жұмсалуына болатын еді. Бұл жағдайлар компанияның қарапайым қызметкерлері арасында наразылық тудырды. Тергеу барысында аталған фактілер тексерілуде" - деп түйіндеді Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша тергеп-тексеру департаменті.

Департамент ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017793-ozenmunaigaz-aq-zane-berali-mangistau-company-zss-lauazymdy-tulgalaryna-qatysty-tergeu-zurgizilude/

pixel