Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында үйі қауіпті аймаққа салынған 600 адам далада қалуы мүмкін (видео)

Опубликовано:

Алматы облысы, Көкөзек ауылы
Алматы облысы, Көкөзек ауылы. Видеодан кдр: almaty.tv

Алматы облысындағы Көкөзек ауылына қысымы жоғары газ құбыры түсетіндіктен, 137 үй сүрілмек, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Телеарна мәліметінше, шаңырағына енді кірген жұрт қуанышының ұзаққа бармағанын айтады. "Қоныс тойын енді жасаймыз" деген олар көршілерімен танысып та үлгермеген. Жаңадан көшіп келгендер бұл жер телімінің қызыл сызыққа енгенін жақында білген. Ал заң бойынша ондай аумаққа құрылыс нысанын салуға болмайды.

"Алматы-Байсерке-Талғар газ магистральінің екінші тармағы өтетіндіктен бүкіл үйді сүрмекші. Бұл жерде мүгедек отбасы, жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар бар. Енді 137 үйде 600-ден аса тұрғын бар, біз қайда барамыз?" - дейді Көкөзек ауылының тұрғыны Жанар Сейітқожаева.

Телеарна дерегінше, қар еріп, күн жылынса, "үйдің құрылысын бастаймын" деп қазық қағып кеткен отбасылар бар. Құрылыс материалдарын сатып әкеліп, тасын да түсіріп қойған.

"Желтоқсан айында 6 соттық жерді 1,5 миллион теңгеге сатып алғанбыз. Көктемде құрылыс жұмысын бастаймын деп ойлағам", - деді Көкөзек ауылының тұрғыны Мейрамхан Бекшетаева.

Ал ауыл әкімі "тұрғындарға бір жыл бұрын ескерттік" деп сендірді. Оның айтуынша, аталған жерге жоғары қысымды газ құбыры түсетіндіктен, маңайында үй болмауы керек.

"Қарасай ауданы жер қатынастар бөлімімен тендер берілді. Бағалаушылар осы маңайдағы тұрғын үйдің құнын анықтайды. Соған сәйкес шығын өтеледі. Ал келіспесе, сот арқылы жүзеге асырылады. Келісіп жатқан отбасылар бар, олардың санын қазір нақты айта алмаймын. Жұмыс жүріп жатыр", – дейді Елтай ауылдық окургінің әкімі Біржан Махатов.

Көпшіліктің айтуынша, қызыл сызыққа үйлерден бөлек, мектеп пен дәрі-дәрмек шығаратын зауыт та түсіп тұр. Бірақ әкімдік өкілдері мектептің қауіпті аймақтан алыс жатқандығын айтып отыр. Дәрі шығаратын зауыттың да тек қосалқы ғимараты сүрілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017808-almaty-oblysynda-uii-qauipti-aimaqqa-salyngan-600-adam-dalada-qaluy-mumkin-video/

pixel