Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күнде қолшатыр ұстаған ер адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бүгін республика аумағында жауын-шашын болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кәсіпорын таратқан дерктерге қарағанда, Қара теңіз аудандарынан шыққан циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан аумағы бойынша желдің күшейіп, батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, шығыста тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус аяз сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017857-bugin-elimizdin-basym-boliginde-zauyn-sasyn-bolady/