jitsu gif branding logo appbranding logo app

Павлодар облысында екі аптаға интернет өшірілетіні рас па

Ноутбук алдында жұмыс істеп отырған әйел
Ноутбук алдында отырған әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысында екі апта бойы интернеттің толық өшірілетіні туралы қауесеттерді облыстың цифрлық технологиялар басқармасы жоққа шығарды. Түсініктеме департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасында пайда болды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында Павлодар облысында интернет толығымен өшіріледі деген ақпарат тараған болатын.

Pavlodarnews сайтының хабарлауынша, желіде тараған хабарламада белгісіз әйел Павлодардағы дүкендердің біріне "26 сәуір мен 10 мамыр аралығында интернет мүлдем болмайды, электронды бақылау-кассалық машина иелері калькуляторлар мен таразыларды қолдануға тиіс" деген.

Хабарлама авторлары облыс тұрғындарына банк шотындағы жинақтарын екінші деңгейлі банктердің есеп шоттынан ақшаларын алуға кеңес берген.

Алайда облыстық цифрлық технологиялар басқармасы интернет өшірілуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, 2023 жылдың 24 сәуіріндегі жағдай бойынша барлық байланыс операторының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы қалыпты жұмыс істеуде.

Сенімді көздерден алынған ақпаратқа сеніп, фейк таратпауға шақырамыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Павлодар облысында екі аптаға интернет өшірілетіні рас па

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.