Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Табысыңның 20 пайызын әйеліңе бер": баюдың оңай жолын айтқан азамат көптің талқысына түсті

Опубликовано:

Ақыл кеңес
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде табысты арттырудың әдісін айтқан азаматтың видеосы тарап, көптің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жариялады.

Кадрдан Қазақстан азаматының жігіттерге табысты арттыру бойынша ақыл-кеңес бергенін аңғаруға болады.

"Жігіттер, ақша көп болсын десеңіздер, ай сайын тапқан табысыңыздың 20 пайызын үйге емес, бала-шағаға емес, әйеліңіздің қалтасына салып беріңіздер. Болды. Болды, осыны істеңіздер. Егер, үш айдан кейін табысыңыз артпаса, өмірлеріңіз өзгермесе, маған хабарласыңыздар. Мен кепілдік боламын", - деді ер адам.

Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса жазып, ақыл-кеңесті қалай қабылдағанын жеткізген.

"Мен тапқан табысымды әйеліме бердім. Ақшам көбейе түсті. Жігіттің айтып отырғанының жаны бар", "Әйеліме айлығымның 80 пайызын беріп жүргеніме біраз уақыт болды. Байып жатқан жоқпыз", "Садақаны отбасыңнан баста деген нақыл сөз бар. Отбасыға жаратылған ақша садақа болып есептеледі. Өйткені әйелің, бала шағаң сенің аманатың", "Айтқанына толық қосыламын", "Бұл сөздер көп жігітке жақпай қалған секілді", "Осындай білгіштер қаптап кетті. Айтқанына келіспеймін", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017979-tabysynnyn-20-paiyzyn-aieline-ber-bayudyn-onai-zolyn-aitqan-azamat-koptin-talqysyna-tusti/

pixel