Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау ауданындағы мектепте бір банка бояуды 2 млн теңгеге жуық қаржыға сатып алмақшы болған

Опубликовано:

Бояу толы құт
Бояу толы құты. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлытау ауданы Сәтбаев қаласындағы мектептердің бірінде бір банка бояуды 2 миллион теңгеге жуық қаржыға сатып алмақшы болғандар әшкереленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бағаны асырып көрсету фактісін анықтаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ұлытау облысы бойынша департаменті биылғы жылдың 1 тоқсанында шамамен 34 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол бермеген.

Заңбұзушылықтар бірыңғай сатып алу терезесіндегі мәліметтерге мониторинг жүргізу барысында анықталған.

Мәселен, мемлекеттік сатып алу бойынша белгіленген бағадан асып кету фактісі Сәтбаев қаласындағы мектептердің бірінде анықталған. Онда тауардың 1 бірлігін (ақ бояу) 1 666 964 теңгеден сатып алу жоспарланған. Белгіленген бағадан асып кету 68 106 пайызды құраған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет араласқаннан кейін соманы төмендету мәселесі қайта қаралып, бүгінде мектеп 47 358 теңгеге 18 банка ақ бояу сатып алған. Үнемделген бюджет қаражат сомасы 1 619 606 теңгені құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017989-ulytau-audanyndagy-mektepte-bir-banka-boyaudy-1-mln-tengeden-asa-qarzyga-satyp-almaq-bolgan/

pixel