Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында әйелді байлап, "өлтіреміз" деп қорқытты деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Күдікті
Күдікті. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Түркістан облысының полицейлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Оқыс оқиға наурыз айында болған. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, наурыз айында Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын күндізгі уақытта оның үйіне белгісіз біреу кіріп, әйелінің қол-аяғын байлап, физикалық күш көрсеткенін айтқан. Сондай-ақ ол күдіктінің жатын бөлмеден 2 млн теңге ұрлап кеткенін мәлімдеген.

Құқық қорғау қызметкерлері аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық істі тіркеді.

"Шұғыл-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғынын, күдіктіні ұстады. Ол іс-әрекетін толық мойындаған. Кейін одан әрі іздестіру кезінде күдіктінің серіктесі, Келес ауданының тұрғынын да анықтады", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазір факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017992-turkistan-oblysynda-turgynnyn-aielin-bailap-oltiremiz-dep-qorqytqan-kudikti-ustaldy/

pixel