Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басында үш-ақ адам тыңдайтын": Нұрлан имам блогерлікті алғаш бастаған кезін еске алды

Жарияланған күні:

Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы
Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы. Фото: Instagram / nurlanimam.kz

ХІХ республикалық студенттер шақырылымында қонақ болған Нұрлан Байжігітұлы жастарға мотивация ретінде блогерлікті қалай бастағанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Байжігітұлының айтуынша, алғаш рет блогерлік жолын бастаған кезде оны әлеуметтік желіде небәрі 3 адам тыңдаған.

"Сіздерге мотивация ретінде айтып өтсем, ең алғаш Tik-tok-қа шығып көргенімде мені үш-ақ адам тыңдайтын. Оның біріәйелім, бірі балам. Сондықтан олар шығып кеткенде қарасам бір-ақ адам қалған... Ең соңғы қалған адам түнгі сағат жаңылмасам, бір-екілерде маған бүйтіп жазып жіберіпті: "е шал, неғып отырсың?",дейді. Шал болсам, болайын дедім де әрі қарай отыра бердім.

Әйтеуір не керек, [кейіннен көрермен - ред. ескертпесі] тартылды. Жастар біраз қатесін түзеді, енді руханиятқа бет бұрдық, осының барлығы сіздердің ізденістеріңіз", - деп есіне алды Нұрлан имам.

Сонымен қатар дін маманы Tik-tok сынды әлеуметтік желілердің жастарды рухани жағынан тәрбиелеудегі пайдасын атап өтті.

"Шын мәнінде ұлтжанды, елін сүйген, талпынған азаматтарға дем болсын деп оларды рухани жандандырудың өзі үлкен өнер, құдайдың берген жақсылығы... Бұрын жоқ еді Tik-tok, енді қазір бар, соны пайдаланып айтсақ та әйтеуір біреудің жүрегіне жетсе, бетін бері бұрсақ, мақсат-мүддеміз орындалған шығар", дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018026-basynda-us-aq-adam-tyndaityn-nurlan-imam-blogerlikti-algas-bastagan-kezin-eske-aldy/