Тоқаев Отан қорғаушы және Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында.
"Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы 5 мамырда Бүкілармиялық кеңес өткізеді, ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі биыл елімізде 7 мамыр - Отан қорғаушы және 9 мамыр - Жеңіс күні орай әскери шеру өтпейтінін хабарлаған еді.
Ведомствоның мәліметінше, бұл бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты.
"Жалпы алғанда қазіргі уақыттағы маңызды басымдық - Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру", - дейді министрлік өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018040-toqaev-5-mamyrda-bukilarmiyalyq-kenes-otkizedi/