Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда қоқыс жәшігінен табылған сәбидің жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Жаңа туған нәресте
Жаңа туған нәресте. Көрнекі сурет: pixabay.com

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Оралда қоқыс жәшігінен пакетке оралған күйде табылған сәбидің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, нәрестенің жағдайы интоксикация, гипотермия және гипогликемия белгілеріне байланысты орташа ауыр деңгейде.

"Тағамды 15 миллилитрмен қорытады, өзі сорып емеді. Бүгінде салмағы 2990 грамм, бойы 52 сантиметр. КТ нәтижесі бойынша мида гипоксия белгілері бар, жүрек эхокардиографиясының нәтижесі бойынша - ашық сопақ терезесі 0,2 сантиметр құрайды, УДЗ арқылы ішкі ағзаны тексеру нәтижесі бойынша – бауыр паренхимасының сәл өзгергені байқалады", – деді БҚО денсаулық сақтау басқармасында.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, сәби ауруханаға түскенге дейін 7-8 сағат бұрын дүниеге келген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Орал қаласында жергілікті тұрғын қоқыс жәшігінен полиэтилен пакетіне оралған тірі сәбиді тауып алғаны туралы жазған едік. Бала ауруханаға жатқызылған.

Полиция сәбидің анасын тез анықтай алды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 119-бабы "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018180-oralda-qoqys-zasiginen-tabylgan-sabidin-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel