jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Көкшетауда зират маңынан адам сүйектері табылды

Көкшетаудағы зират
Көкшетаудағы зират. Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Көкшетауда ескі зират маңынан қапшыққа салынған адам сүйектері табылды. Оны сол маңды жинастырып жүрген тұрғындардың бірі көріп қалған, деп хабарлайды KTK телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, бұл қорымға қазір адам жерленбейтін көрінеді. Бірақ тұрғындар туыстарының мазарын тазалауға келіп тұрады.

Бейіт басында тазалық жасап жүрген бір әйел ағаш арасында жатқан қапшықты байқап қалып, ашып қарайды. Оның ішіне адамның басы мен өзге де сүйектер салынған екен. Әйел бірден полицияға хабарласқан.

Қазір тәртіп сақшылары сараптама жасап, қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.

"Көкшетау полиция бөліміне хабар жетісімен, жедел тергеу тобы оқиға орнына барды. Қазір қапшыққа салынған сүйектер сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Сараптама қорытындысы дайын болғаннан кейін ғана процесуалдық шешім қабылданады", – дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әсем Әбдірахманова.

Дереккөз: КТК

Көкшетауда зират маңынан адам сүйектері табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.