Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Автоконструкторларды тіркеуге кірісеміз": ІІМ шетелдік көліктерді заңдастыруға қатысты жаңа мәліметтерді бөлісті

Опубликовано:

Жол бойындағы көліктер
Жол бойындағы көліктер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанда қанша шетелік көлік заңдастырылғанын айтты, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Ведомсто мәліметінше, елімізде 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр.

Мәселен, 23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлікті заңдастыру мақұлданған. Оның ішінде 100 мыңнан астам автокөлік заңдастырылған.

"Сонымен қатар қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Жоба үкіметтің қарауына енгізіліп, оған келесі аптада қол қойылады деп күтілуде", - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Оның сөзінше, үкімет қаулысына қол қойылғаннан кейін ол бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Содан кейін біз автоконструкторларды тіркеуге алуға кірісеміз", - дейді Сұлтанбаев.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 23 қаңтарында елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру басталған еді. Шетелдік көліктерді заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Осы аралықта шетелдік автокөлік иелері оларды жеңілдікпен, яғни бастапқы тіркеу үшін 200 мың теңге, техникалық төлқұжатқа 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір алу үшін 9 660 теңге мемлекеттік баж салығын төлеу арқылы тіркей алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018434-avtokonstruktorlardy-tirkeuge-aluga-kirisemiz-iim-seteldik-kolikterdi-zandastyruga-qatysty-zana-malimetterdi-bolisti/

pixel