Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 шілдеден бастап Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлерге ыңғайлы функционал іске қосылады

Опубликовано:

Такси белгісі бар көлік
Такси белгісі бар көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-платформалармен бірлесіп, такси жүргізушілері мен курьерлерге ыңғайлы функционалды жүзеге асыруда. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Комитеттің мәліметінше, азаматтар такси немесе курьерлік жеткізу қызметтерін көрсету кезінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі немесе мекемеге (басқа кәсіпкерге) жалдамалы қызметкер ретінде тіркелу арқылы салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге міндетті.

"Бұл талаптар қазір пайда болған жоқ, бұрыннан бар, бірақ әр түрлі себептерге байланысты көп азамат орындамайды. Біздің ойымызша, себептердің бірі - міндеттемелерді орындауға байланысты әкімшілік рәсімдерді орындауға дайын еместігі", - дейді комитет өкілдері.

Сонымен қатар комитет салық төлеуші үшін ең тиімдісі eSalyq Business арнайы мобильді қосымша негізіндегі салық режимін қолдану екенін атап өтті. Себебі, 1 пайыздық ставкамен табыс салығын және әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру) төлеу қажет.

"Осыған байланысты, интернет-платформаларды пайдалана отырып, қызмет көрсететін тұлғаларға салық міндеттемелерін орындауға көмектесу үшін Мемлекеттік кірістер комитеті eSalyq Business мобильді қосымшасын пайдалана отырып жүргізілетін салық режимі негізінде пилоттық жобаны іске қосуда.

Оның шеңберінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тікелей интернет-платформада өтеді, интернет-платформа операторы табысын төлеу кезінде тиесілі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстайды және төлейді, содан кейін мәліметтер автоматты түрде МКК-ға беріледі", - дейді комитет өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл дегеніміз - жеке тұлға салық органдарына бармай-ақ, салық міндеттемесін орындай алады деген сөз. Сондай-ақ салықтарды есептеу мен төлеудегі қателіктер жойылатын болады.

"Бүгінгі күні ақпараттық жүйелерді баптау бойынша "Яндекс.такси"-мен жұмыс жүргізілуде, жұмыстар аяқталғаннан кейін азаматтар ерікті негізде пилоттық жобаға қосыла алады. Техникалық жүзеге асырудың жоспарланған уақыты - 2023 жылдың 1 шілдесі", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018519-salyq-rezimi-negizinde-pilottyq-zobany-iske-qosylady-taksister-men-kurerler-1-sildeden-bastap-salyq-toleidi/

pixel