Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы бір қала Абай облысының қарамағына өтті

Опубликовано:

Курчатов қаласы
Курчатов. Фото: Facebook.com/ovpkurch

Павлодар облыстық мәслихаты Курчатов қаласын Абай облысының қарамағына беру туралы мәселені талқылады. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсынысты Павлодар облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов айтты.

Ол жаңадан құрылған Абай облысына Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданы мен Семейдің қосылғанын еске салды. Оның құрамына жері Павлодар облысына кіргенімен, бірақ шын мәнінде Шығыс Қазақстан облысына бағынатын Курчатов та кірді.

"Қаланың жалпы ауданы 11 гектарды құрайды. Курчатовтан түсетін салық облыстық бюджетке түспейді, қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар мен Абай облыстарының шекарасын сәйкестендіреді", деді Мұрат Хамитов.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018548-pavlodar-oblysyndagy-bir-qala-abai-oblysynyn-qaramagyna-otti/

pixel