Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өтініш білдірді": Аймағамбетов шенеуніктердің өзінен не сұрағанын айтты

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Елімізде қазақ тілін үйренгісі келетін басшылар көбейіп келеді. Бұрынғы Оқу-ағарту министрі, қазіргі мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов шенеуніктермен тілдесу тәжірибесіне сүйене отырып осындай тұжырым жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асхат Аймағамбетов Қазақстан халқы ассамблеясының кулуарында журналистермен әңгімелесті. Сөз арасында ол елімізде қалыптасып келе жатқан оң үрдіске, яғни қазақ тілін өз бетінше меңгеруге ұмтылған шенеуніктер көбейгеніне тоқталды.

"Қазақ тілін үйрену қажеттігін түсінетін басшылар да көбейіп келеді. Олар мемлекеттік тілді меңгеруде немесе қазақша сөйлеп жүр", – деді ол.

Осы ретте ол өзінен мемлекеттік тілді меңгеруге көмек сұраған бұрынғы жағдайларды еске алды.

"Облыста басқарма бастығы болып жұмыс істеп жүрген кезімде көптеген әріптесім маған хабарласып, қазақ тілінің жақсы мұғалімін ұсынуымды өтінді. Министр болып жұмыс істегенімде нақты айта аламын, түрлі деңгейдегі адамдармен қызмет бабымен сөйлескенімде көбі жақсы репетитор немесе қазақ тілі мұғалімін ұсынуды өтінді", – деді Асхат Аймағамбетов.

Бұл оның сөзінше, жақсы көрсеткіш.

"Яғни, қазақ тілін саналы түрде үйренуге тырысатын түсінік қалыптасты. Сондықтан қыспаған дұрыс, тренд өте айқын", – деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018553-otinis-bildirdi-aimagambetov-seneunikterdin-ozinen-ne-suraganyn-aitty/

pixel