Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының даласынан адам қаңқасына ұқсас сүйектер табылды (фото)

Опубликовано:

Далада жатқан адам қаңқасы
Далада жатқан сүйектер. Фото: facebook.com/LyazzatBaktibayeva

Қызылорда облысының Белкөл ауылында адам сүйектеріне ұқсас қаңқа табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "ІІМ жаңалықтарының" ресми Telegram-арнасы.

"Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында, адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынды", – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша 001 (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатқандығы және тиісті сараптамалар тағайындалғаны айтылған.

Полиция болжам бойынша оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін екенін атап өтті.

Ведомство әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018570-qyzylorda-oblysynyn-dalasynan-adam-qanqasyna-uqsas-suiekter-tabyldy-foto/

pixel