Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі ақын әрі журналист Серік Қалиев өмірден өтті

Опубликовано:

Серік Қалиев
Серік Қалиев. Фото: Іnstagram.com/serik_kaliev

Бейсенбі, 27 сәуір күні ақын Серік Қалиев дүниеден өтті. Бұл туралы журналист Ардақ Байғабыл өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін қазақ елінің ақыны, керемет тұлға, асыл ағам Серік Қалиев бақилық болды. Аллаһ рахымына алсын Сізді ағау.

30 күн оразасын ұстап, шәууаль айының 6 күндік оразасын түгендеп, Құптан намазына бара жатқан жерінде жолда көлік қағып кетті ағамызды. Бәріміз Аллаһтанбыз және Оған қайтушымыз.

Аллаһ қаласа қасиетті жұма күні, жұма намазынан кейін жаназасы оқылса керек.

Айналайын Серік ағам, Аллаһ сізді жарылқасын! Біліп істеген, білмей істеген күнәларыңызды кешіріп, Жәннаттың төріне кіргізгей! Аллаһ тағала сізді қабір азабынан сақтап, пайғамбардың шапағатын берсін!!! Әмин. Біз де бір күні Сіздің артыңыздан барамыз…", – деп жазған автор.

Әдебиет порталының мәліметінше, Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген.

Ақынның "Жұлдыз – сезім", "Ақ моншақ", "Егіздің сыңары", "Ашық хат" өлең жинақтары жарық көрген.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Серік Қалиевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018594-belgili-aqyn-serik-qaliev-omirden-otti/

pixel