Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бей-жай қарай алмадым": Астанада прокурор жоғалып кеткен баланы тапты (видео)

Опубликовано:

Жан Мұрат
Жан Мұрат. Фото: Т.me/GenPr

Астанада прокуратура қызметкері жоғалып кеткен баланы тапты. Ол көмек сұрағандардың өтінішіне бей-жай қарай алмаған, деп хабарлайды Бас прокуратура ресми Telegram-арнасында.

Бас прокуратураның хабарлауынша, сәуір айының басында Астана қаласында кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткен. Ол үйінен кітап дүкеніне қарай шығып, қайтып оралмаған.

Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Жан Мұрат "LIDER.KZ" волонтерлерінің баланы 2 тәуліктен артық іздеп жатқаны туралы хабарламасына бей-жай қарай алмай, жолдасымен бірге көмекке шыққан.

Ол елорданың Алматы және Байқоңыр аудандарының қоғамдық пайдалану орындарын, қараусыз қалған ғимараттарды, қоқыс жәшіктерін, арықтарды екі сағат бойы аралайды. Ақыры баланы таппаған соң Мұрат қаланың сол жағалауына барып, іздеу жұмысын жалғастырады.

Достық көшесімен түнгі сағат 04:40 шамасында жүріп келе жатып, ол сипаттамаға сәйкес келетін баланы байқайды.

Барлық жағдайларды нақтылағаннан кейін оның жоғалған бала екені белгілі болған. Әрі қарай ол баланы полиция қызметкерлеріне тапсырады.

"Мен ата-ана ретінде хабарламаны елеусіз, бей-жай қалдыра алмадым, яғни басқаша әрекет ете алмас едім", – дейді Жан Мұрат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018633-bei-zai-qarai-almadym-astanada-prokuror-zogalgan-zasospirimdi-tapty-video/

pixel